object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 18:50:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел

23 қараша күні «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы» кафедрасы Қостанай қаласы мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен «Дене шынықтыру сабақтарында интерактивті әдістемелерді қолдану» мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараны 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің жоғары денгейде өтуіне п.ғ.кандидаттары Наталья Кифик, Надежда Огиенко атсалысты. Аға оқытушы т.ғ.магистрі Мальшакова Валерия Владимировна. студенттерге техникалық қолдау көрсетті.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.магистрі Гульфия Сафаргалиева ЖОО мен жалпы білім беретін мектептер арасындағы байланысты күшейтіп, студенттердің білімін тәжірибеге негіздеу басты бағдарда екенін айтты. Сонымен қатар 4-курс студенттері 1-2 курс студенттеріне тәжірибе барысында өткізген сабақтарының бейне-көрсетілімін ұсынды.

Мұғалімдер интерактивті әдістерді қолданудың түрлерін айтып, студенттерге жаңартылған білім беру бағдарламасы жағдайында әртүрлі жастағы балалармен жұмыстарынан мысалдар келтірді.

Қабылдау комиссиясы