object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-30 22:41:54.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚУАНЫШТЫ жаңалық!!!

Baitursynuly University студенттері Әлем кубогынан медальдармен оралды!

26-30 сәуір аралығында Өзбекстанның көрікті қаласы Ханабадта гір көтеру спортынан халықаралық жарыс өтті.

Жарысқа 22 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ («Дене шынықтыру және спорт» ББ) студенттері ел намысын қорғады.

Әлем кубогы – кәсіби спортшылар үшін ең маңызды жарыстардың бірі. Жоғары бәсекеге қарамастан, студенттеріміз керемет нәтиже көрсетіп, екі алтын және бір күміс медаль иеленді.

Студенттерімізді және олардың жаттықтырушылары – дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының оқытушылары Олег Юрьевич Комаров пен Батырбаев Рауан Курмангалиевичты құттықтаймыз!Жеңімпаздарымызбен мақтанамыз!

11

11

11

Қабылдау комиссиясы