Қасиетті Рамазан айында спорт пен қайырымдылық Қостанай облысының белсенді жастарымен бір арнаға тоғысты! Baitursynuly University базасындағы «Сұңқар» спорт кешенінде «RAMADAN CUP – 2025» футзал турнирі өтті.
Бұл турнирге 8 мықты топ қатысып, тек жеңіс үшін ғана емес, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету үшін де алаңға шықты.
Турнирге қатысушылар:
Турнир нәтижелері:
Барлық қатысушылар мен көрермендердің қолдауымен 300 000 теңгеден астам қаражат жиналды. Бұл қаржы екі бүйрегі жоқ, созылмалы гломерулонефрит диагнозы қойылған Арайлымның еміне бағытталады.
Спорт - бұл күш, ал бірлік пен қайырымдылық одан да қуатты!
Әр топқа, әр ойыншыға және турнирді қолдаған барша жанға алғысымыз шексіз!
Жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын!