Бүгін конкурстық комиссияның отырысы болып өтті, оның жұмысына А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің ректоры Алма Дощанова мен «Баян Сұлу» АҚ-ның басқарма төрағасы, университеттің директорлар кеңесінің мүшесі Тимур Садықов қатысты.
Аймақтың ең ірі кәсіпорны – «Баян Сұлу» АҚ мен университетті берік серіктестік байланыстырады, көптеген түлектеріміз осы кәсіпорында жұмыс істейді. Бүгінгі күні оларға әр түрлі бағыттағы білікті мамандар қажет: сату, логистика, маркетинг бөлімдерінде бос жұмыс орындары бар. Осы себепті негізге ала отырып, Бухгалтерлік есеп және менеджмент кафедрасы экономикалық мамандықтардың күндізгі бөлімінің соңғы курс студенттері арасында «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының үздік маркетингтік стратегиясы» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын өткізуге мұрындық болды. Конкурс жеңімпазына кәсіпорында жұмыс ұсынылады. Бүгін өткен бірінші кезеңде байқауға қатысушылар өздерінің презентациялары мен ресми ақпарат көздеріне сүйене отырып жүргізген маркетингтік зерттеулерінің нәтижесін ұсынды және кондитерлік фабриканың маркетингтік саясатын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Әділқазылар алқасына ұсынылған әрбір жұмыстың астарын ақтарар болсақ, өңделіп, жетілдірілуге тұрарлық ой мен құнды идеялардың ұшқыны бар. Конкурсқа қатысушы студенттің біріне «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының маркетингтік стратегиясы »тақырыбын дипломдық жобасында жалғастыру ұсынылды. Келесі - екінші кезең қараша айының соңында кондитерлік фабриканың базасында өтеді. «Баян Сұлу» АҚ өкілдерімен кездесу тек конкурсқа қатысушы студенттер үшін ғана емес, сонымен қатар оқытушылар үшін де пайдалы болды, өйткені мұнда дуалды оқыту, өндірістік тәжірибе мәселелері, сондай-ақ түлектерді одан әрі жұмыспен қамту мәселелері көтерілді. Болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға ықпал ететін кейбір оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс айтылды.