ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Адлет Тойбаевтың Facebook-тағы онлайн-қосылуы кезінде берген мәліметіне сүйене отырып, магистратураның қашан және қандай форматта басталатыны туралы ақпаратты жариялады. Магистратура бойынша білім беру 14 қыркүйектен қашықтық форматта басталады. Барлық бағыттар бойынша оқу қашықтықтан өтеді, тек жекелеген пәндер бойынша, мәселен техникалық бағыттағы студенттер ғана аралас форматта оқытылатын болады. «Осылайша олар барлық практикалық сабақтарды университетте өтеді, ал қалған сабақтар қашықтан болады, шамамен қазан айынан басталады», - деді Адлет Тойбаев. Ол сонымен қатар дәстүрлі форматта оқытылатын пәндердің аз, Республика бойынша шамамен 10-12% болатындығы туралы айтты. Бұған дейін магистратураның грантына үміткер, республикалық конкурсқа 12 179 адам қатысқаны, оның 10 202-сі мемлекеттік гранттың иегері, 128-і бейіндік оқыту бағыты бойынша қатысқаны белгілі болды.