Шаңғыдан КҮМІС жүлде

Baitursynuly University студенттері Қазақстан жоғары оқу орындарының X Қысқы Универсиадасында 2 орынды иеленді.

Біздің студенттер жалпы есеппен шаңғы жарысында күміс жүлдегер атанды.

Шаңғы жарысына барлығы 9 команда қатысты. ҚӨУ атынан пединституттың ДШ және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының студенттері қатысты:
Артем Завялов (ол 5 км қашықтықта 2 орынды иеленді), Данил Бесчастный, Данил Безгодько, Анастасия Феллер, Камила Жузеева, Даниял Туралынов, Анастасия Краснянская.

Ерлер арасындағы 3*5 км эстафетасында біздің жігіттер 2 орын алды!

ҚӨУ спортшыларын Универсиадада жеткен үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы