ҚӨУ-де ЕҢ ҮЗДІК ЖОО оқытушысы еңбек етуде

Baitursynuly University мерейі үстем болды! Білім ордамыздың білікті педагогына «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мәртебелі атағы берілгенін зор мақтанышпен хабарлаймыз.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өткен республикалық доданың нүктесі бүгін қойылып, Алматы төрінде үздіктерді ұлықтау рәсімі салтанатты жағдайда өтті.

Еліміздің ең таңдаулы ұстаздарының қатарында – ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің ветеринариялық медицина кафедрасының ассистент-профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты Алтын КУЛЬПИИСОВА. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Алтын Амантайқызы, сізді барша ҚӨУ мақтан тұтады!

Қабылдау комиссиясы