object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-16 23:43:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ең жақсы сыйлық

Baitursynuly University кітапхана қоры жаңа материалдармен толықты.

Кәсіби қаржыгер, НАРХОЗ университетінің түлегі, «Сделай себя сам» кітап клубының негізін қалаушы Азамат УТЕНОВ университет кітапханасына көркем әдебиет пен тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналған кітаптарын сыйға тартты.

Бұл Азамат Серікқанұлының алғашқы сыйлығы емес. 2020 жылы университет кітапханасына 109 дана, 2024 жылы жарты миллион теңгеден астам 99 том кітап сыйға тартты.

Студенттер арасында жоғары сұранысқа ие тиісті әдебиеттермен кітапхана қорын толықтырып, кітап пен кітап оқудың беделін арттырып, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосып жүрген Азамат Серікқанұлына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Қабылдау комиссиясы