object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-07 00:18:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«PRорыв» ҮЗДІКТЕРІ

ҚӨУ студенттері қоғаммен байланыс бойынша халықаралық байқауда үздік үштікке енді.

ҚӨУ-дің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының 3 курс студенттері Раушан Айтбаева мен Диана Искакова «Сиреневый PRорыв. PR 2.5: Эра нейросетей!» атты шараға қатысты.

Satbayev University өткен «PRорыв» байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен «Қоғаммен байланыс», «Маркетинг» және «Журналистика» білім беру бағдарламаларының жүздеген студенті жиналды.

Олар студенттік жобаларға арналған ХХ Халықаралық байқауға қатысты.

Байқаудың мақсаты – болашақ пиар мамандарының шығармашылық әлеуетін анықтау және олардың кәсіби деңгейін арттыру.

Екінші кезеңге 12 жоғары оқу орны өтті, оның ішінде ҚӨУ де бар.

Біздің студенттер кафедраның аға оқытушысы, ғылыми жетекшісі Гульшат Маркабаеваның жетекшілігімен «UyatEmes» подкастын дамытуға арналған PR-стратегия жобасын қорғады.

Нәтижесінде ҚӨУ студенттері үшінші орынды иеленді!

PR-клуб өкілдері университетімізге арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтады және сыйлықтарын табыстады.

Студенттерімізді жеңіспен құттықтаймыз! Алға баса беріңіздер!

Қабылдау комиссиясы