Экономика және құқық институтының Экономика және қаржы кафедрасының оқытушылары «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының студенттері үшін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жанна Турганованың қатысуымен вебинар өткізді.
Экономикалық бағыттағы мамандарды даярлау жөніндегі бірлескен жұмыс ұзақ уақыттан бері ұйымдастырылып келе жатқанын атап айтқан жөн және университетте білім алып жатқан студенттер кәсіби тәжірибесін ойдағыдай аяқтап, сол жерде жұмысқа қалалатыны да сөзсіз. Бұл бірлескен жұмыс студенттерінің кәсіби тәжірибеден өтулеріне және болашақ мамандарды сапалы даярлауға, еңбек қызметіне қатысты әр түрлі инновацияларды уақытында меңгеруге, сондай-ақ олардың жұмыспен қамтылуын үнемі бақылауға алуға бағытталған.
Ж.Д. Турганова Қостанай қаласы аумағында 250455 адам тұратындығын, қалалық бюджеттің іске асырылуы 2020 жылдың 10 айында 36 005,3 млн теңгені (102,6%), динамикасы 9 360,8 млн теңгені (135,1%) құрайтындығын, мемлекеттік қызметтің орындалу көлемі 403 737 (оның ішінде электронды түрде 400903 қызмет немесе 99,3%, қағазда 2834 қызмет немесе 0,7%) құрайтынын атап өтті. Мемлекеттік қызметтерді алудың жолдары да студенттер назарына ұсынылды. Мәселен «электрондық үкіметтің» порталы (egov.kz); электрондық лицензиялау порталы (elicense.kz); E-Salyq мобильді қосымшасы (Салық әмияні, мобильді банкинг, БӘТ бойынша төлем жасау); Салық төлеушілер кабинеті сияқты қызметтерді қолданудың қадамдары түсіндірілді.
Мұндай қызықты кездесу кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттердің назарынан тыс қалмады. Сонымен қатар, салық органында тәжірибеден өту, кәсіпкерлік қызмет объектілерінің салық төлеуі, тұрғындармен өзара әрекеттесу және басқа да мәселелер қосымша қарастырылды.