Baitursynuly University студенттері Қазақстандағы ең мықты спортшылар атанып, гір спортынан Әлем Чемпионатына жолдама жеңіп алды.
⠀
Гір тасын көтеруден Қазақстан Республикасының іріктеу чемпионаты осы демалыс күндері Астана қаласында өтті.
ҚӨУ-дің дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының студенттері – Владислав ЛИТВИНОВ пен Иван САВЕЛЬЕВ өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанды.
⠀
Біз сендермен мақтанамыз, жігіттер! Сіздерді және жаттықтырушыларыңыз - Олег Юрьевич КОМАРОВ пен БАТЫРБАЕВ Рауан Курмангалиевичті құттықтаймыз! Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!