Азаматтық тақырыбындағы ДӘРІС

4 сәуір күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де Қазақстандық Халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының Қостанай қаласындағы филиал басшысы қонақ дәрісін өткізді.

Махаббат Ахметбекова «Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқтық: пайда болу себептері және жою жолдары» тақырыбына кеңінен тоқталды.

Бұл маңызды тақырып көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Махаббат Мухамбеткалиевна азаматтық туралы заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды, азаматтықты жоғалту және айыру мәселелерін, сондай-ақ басқа да сұрақтарды талқылады.

Кездесу студенттер мен лектордың қатысуымен мазмұнды әрі қызықты өтті.

Қабылдау комиссиясы