«Сіз Балиде болып көрдіңіз бе?» - Индонезия елшісі Baitursynuly University студенттерімен кездесуін осы сұрақтан бастады.
Күншуақты Индонезиядан келген делегацияны Baitursynuly University ректоры Сейітбек Бекенұлы Қуанышбаев қарсы алды.
Ол қонақтарға университет жұмысының бағыттары, студенттер мен педагогтердің академиялық ұтқырлық жобаларына табысты қатысуы жайында егжей-тегжей баяндап берді.
«Біз қазірдің өзінде қарым-қатынас орнағанын көріп отырмыз!» - деп атап өтті Индонезияның Қазақстан мен Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджроэл Рахман.
Әңгіме Индонезияның оқу орындарымен бірден бірнеше кәсіби бағыттар бойынша ынтымақтастық жайында. Сонымен қатар, қостанайлықтар стипендиялық бағдарламаларға да қатыса алады.
Елші мырза BU студенттері мен педагогтерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз жұмысы мен елі туралы айтып, университет кітапханасына өз кітабын сыйға тартты.
«Бұл кітап Индонезия дипломатиясы туралы», - деп түсіндірді елші. – «Менің осы университетте көшпелі дәрістерімді өткізуді қарастыруды сұраймын».
Студенттер мен оқытушылар бұл ұсынысқа қошеметін жаудырды.
Baitursynuly University-дің халықаралық ынтымақтастығының жаңа бағыты зерттеледі. Университетті жаңа жобалар күтіп тұр. Ал біз сізбен бірге міндетті түрде таңғажайып Балиге барамыз.