object(DateTime)#1038 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-01-30 23:17:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Шынайылық пен ашықтыққа бағытталған курс

Baitursynuly University-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және жұмыс істеу этикасы мен ашықтық деңгейін көтеруге бағытталған бірнеше маңызды құжаттар қабылданды.

Жаңа бастамалар туралы факультет декандары, кафедра меңгерушілері және профессорлық-оқытушылық құраммен ҚӨУ комплаенс-қызметінің офицері Дархан БЕЛГИБАЕВ таныстырды:

- Типтік негізгі бағыттардың №4 “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес” аясында Костанай өңірлік университетінің ректорының бұйрығына сәйкес келесі құжаттар әзірленіп, бекітілді: сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқаулық, мүдделер қақтығысын анықтау және шешу ережелері, корпоративтік этика және мінез-құлық кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуы туралы қызметкерлерді хабардар ету тәртібі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат университеттің барлық қызмет салаларында ашықтық, әділдік және шынайылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Оның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және университетке деген сенімді арттыру.

Сондай-ақ қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен және алдын алу шараларымен таныстырды. Олардың қатарында: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде бағалау, комплаенс-бақылау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қабылдау комиссиясы