Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Baitursynuly University студенттерімен кездесті.
Кездесудің тақырыптары: «Жас мемлекеттік қызметші мектебінің жас ұрпаққа арналған рөлі» және «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жастардың рөлі».
Департамент спикерлері мемлекеттік қызметте ұсынылатын жағдайлар мен мүмкіндіктерді түсіндірді.
ҚӨУ студенттері бұл тақырыпқа белсенді қызығушылық танытты. Олар мемлекеттік органдардағы мансаптық өсу және жұмыс перспективалары туралы сұрады.