object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-22 15:11:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Дроптар деген кімдер?

Осындай жарнама үшін қанша уақытты кетіруге болады? Айталық, Блиновская жолын қалай қайталамауға болады? Бүгін осы және одан да басқа да маңызды тақырыптар «АФМ оnline 2024» қаржылық сауаттылық жөніндегі республикалық форумда қозғалды.

Іс-шара министрлердің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, облыстық әкімдік өкілдерінің қатысуымен өтті.

Спикерлер ретінде  үздік блогерлер мен инфлюенсерлер  –  Динара Сәтжан, Рүстем Омаров, Айгүл Мүкей, Нұрлан Қоянбаев және басқалар болды.

Онлайн-режимде өткен форумға 35 жетекші қазақстандық жоғары оқу орындары, соның ішінде Baitursynuly University қосылды. Біздің университет алаңында мемлекеттік орган өкілдері, студенттер мен блогерлер жиналды.

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Асқар Әбенов атап өткендей, ақпараттық алаң қазір қауіпсіз емес. Әр түрлі жастағы адамдар алаяқтар мен инфосығандардың құрбанына айналуда. Сондықтан тұрғындар арасында қаржылық сауаттылық мәдениетін қалыптастыру маңызды.

Форумға қатысушылар қаржы пирамидаларын қалай анықтауға және жақын-жуықтарын алаяқтардан қалай сақтандыруға болатынын білді.

Қабылдау комиссиясы