Осы аптада полиция департаментінің қызметкерлері Baitursynuly University студенттерімен кездесті.
Олар студенттер үшін нағыз шоу ұйымдастырып, қызметтік-іздестіру иттерімен қарулы қылмыскерді «ұстау» көрінісін көрсетті.
Іс-шара “Қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасы” мен құқық қорғау органдарының меморандумына сәйкес ұйымдастырылды.
Кездесу бейресми форматта өтті. Студенттерге құқық қорғау органдарының қызметі туралы полиция қызметкерлері Ержан АУЕЗБЕКОВ пен Бибигул БАЙГУЖИНА айтып берді. Үлкен экрандағы кинолентада криминалистердің ауқымды жұмысы көрсетілді.
ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы академияның курсанттары қарумен ату дағдыларын үйретті. Арнайы жедел әрекет ету жасағы (ЖИНАҚ) қызметкерлері жауынгерлік қол күрес және шығыс жекпе-жектерін көрсетті. Ал арнайы қызметтегі ит бірнеше секундтың ішінде тыйым салынған заттарды тауып, акт залындағы қауіпті қарулы қылмыскерді ұстады.
Бұған қоса, студенттер арнайы құралдар мен жасақшылардың киімдерімен, криминалистік техника және полиция қызметіне қабылдау туралы буклеттер және брошюралармен танысты.