Экономика және құқық институтындағы генерал Михаил Дәуенов атындағы дәрісханада «Біздің таңдауымыз – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет!» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында адалдық құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру болды.
Дөңгелек үстелді институт директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табылденов жүргізіп, институтта студенттер мен оқытушылар арасында жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарға тоқталды.
Іс-шараның спикерлері: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы Карина Қыстаубаева, Қостанай облысының Азаматтық альянсы «ГрИн» қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаева, Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Мұрат Ысқақов, сондай-ақ «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға оқытушылары Индира Талтанова, Мөлдір Байтасова және «Құқықтану» ББ-ның 1 курс студенті Үсен Ерсұлтан.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғам дерті – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдарын, оның алдын алуға бағытталған шаралардан нәтиже шығу үшін не істеу керек деген мәселелерді талқылады.
Өздеріңіз білетіндей, университетте «Академиялық адалдық саясаты» Ережесі бекітіліп, нәтижесінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік қызметі құрылды.