object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 19:06:08.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2024 жылдың 29 мамырында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті Қазақстан Республикасы Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылар құрамымен бірлесіп саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы: ...жаңа мұрағаттық материалдар мен зерттеулер» атты дөңгелек үстел өтті.

Факультет жыл сайын отандық және шетелдік ғалымдарды шақыра отырып, облыстық және халықаралық деңгейде осындай ғылыми іс-шара өткізуді дәстүрге айналдырған.
Ғалымдар Ж.Б.Абылхожин, М.Л.Акулов, А.В.Цайдың редакциялауымен «Живая помять. Сталинизм в Казахстане – Прошлое, Память, Преодоление» жұмысында «ондаған мың қаза тапқандар, жүздеген мың жазықсыз сотталғандар және күштеп қоныс аударғандар, сынған тағдырлар, тарыдай бытыраған отбасылар және үзілген ұрпақтар – мұның бәрі авторитарлық саясаттың салдары, құқық үстемдігінің болмауы және адам құқықтарының сақталмауы... Жадты сақтау, тарихи өткенді қалпына келтіру, ешкімді де, ештеңені де ұмытпау, болған оқиға туралы үнемі рефлексия жасау арқылы ғана біз сол кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннің барлық құрбандары алдындағы адамдық және азаматтық борышымызды орындай аламыз және мұндай жағдай ешқашан қайталанбайтындай болашаққа қадам жасай аламыз», делінген.

Дөңгелек үстел жұмысына:

Сталинизмді зерттеу - 1920-1950 жылдардағы кеңестік режимнің репрессиялық саяси жүйесін зерттеу қазіргі қазақстандық тарих ғылымының өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандық қоғамды адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында саяси қуғын-сүргіннің қайталануына жол бермеуге шақырған еді. «Этностық және діни тегі бөлек мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түр¬мелерінде жазықсыз көз жұмды. Біз үшін, азат, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз».

Өткенді есте сақтау және бүгінді бағалау қажет. Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді.

Қабылдау комиссиясы