object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 20:05:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-нің ҒАЛЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ғылым күніне орай А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің бір топ ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің және Қостанай облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

2021 жылдан бастап қостанайлық ғалымдар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның тапсырмасымен 2 жыл бойы ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қостанай облысында құрылған комиссия құрамына оқу орнының тарихшы-ғалымдары кірді және университет базасында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау орталығы» ашылды.

Жоба аясында тарихшылар бірнеше рет облыс бойынша экспедицияларға шығып, материалдар жинақтады, ақталмаған азаматтар туралы мәліметтер базасын дайындады. Ғалымдар Қостанай облысы аумағындағы жаппай бейіт орындары бейнеленген интерактивті карта жасап, «1920-1940 жылдардағы Қостанай облысы аумағындағы қуғын-сүргін және депортациялар» монографиясын басып шығарды, ғылыми еңбектер топтамасын дайындады. Жалпы, жоба іске қосылған 2 жыл ішінде ақталуы керек 2 413 адамның тізімі берілді.

Тарихи әділеттілікті орнатуға үлес қосқан ғалымдардың еңбегі бағаланды. Ғылым күніне орай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында тарих ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар Әлібек Табылденов пен Серікжан Исмаиловқа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хаттары табысталды.

Қостанай облысы әкімінің Алғыс хатымен тарих ғылымдарының докторы, профессор Айдар Айтмұхамбетов, тарих ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар Эльмира Наурызбаева мен Рауан Байдалы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Руслан Жүсіпов марапатталды.

Қабылдау комиссиясы