Baitursynuly University студенттері «Студенттік көктем 2026» фестивалінің аясында өткен облыстық «Полилог» дебаттық байқауына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Байқаудың негізгі мақсаты – жастардың сөз өнеріндегі әлеуетін дамыту және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірі туралы білімдерін тереңдету.
Сайыс тақырыбы мемлекеттің күн тәртібіндегі өзекті бағыттарды қамтыды. Мәселен:
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру;
2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы;
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл;
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 жылдығы;
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениет тұжырымдамасын жүзеге асыру.
Байқауда университет намысын қорғағандар:
Индира Артықбай – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті;
Диас Сүлеймен – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті;
Сабина Атепилева – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.
Байқау қорытындысы бойынша студенттеріміз келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Қазақ лигасы:
2 орын – Индира Артықбай
Орыс лигасы:
1 орын – Сабина Атепилева
2 орын – Диас Сүлеймен
Жалпы командалық есеп бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті тағы да 1 орында. Студенттеріміз жоғары дайындық деңгейі мен шешендік шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтап, жаңа жетістіктер тілейміз!