object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 07:53:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Корпоративтік басқаруды үйрену

Мамырдың 27 мен 29 аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Іргелі зерттеулер институтының директоры Әлімжан Бекмағамбетов Нұр-Сұлтан мен Арқалық қалаларының үш әріптесімен бірге «Qazaq profi» оқу орталығының ұйымдастыруымен «Корпоративтік хатшы практикасы» онлайн-курсынан өтті және тиісті куәлік алды.

Спикер – Ахметова Градислава Робертовна, э.ғ.к., Ресей, Украина, Қазақстан компанияларындағы ауқымды іскерлік тәжірибесі бар, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанның корпоративті хатшыларын сертификаттау бағдарламасының негізгі әзірлеушісі және тренері болды, IFC Корпоративтік басқару тобының жобалық тобының мүшесі ретінде корпоративтік хатшыларға арналған жаһандық анықтамалықты дайындауға қатысты. Чехияда, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда тағылымдамадан өткен, «Қазақстан ЖОО-ның үздік оқытушысы-2008» атағының лауреаты, Білім және ғылым министрлігінің грант иегері.

Үш күндік жұмыс барысында корпоративтік басқару тұжырымдамасы мен менеджменттің айырмашылықтары, халықаралық қағидаттар, корпоративтік басқарудың іргелі қағидаттары, корпоративтік басқарудың бес негізгі элементі туралы мәселелер қозғалды.

Университеттердің басқарушылық, қаржылық, академиялық дербестігі тұрғысынан тиімді корпоративті басқаруды енгізуден күтілетін әсер қандай? Ол - жоғары тиімділік, капитал нарығына қол жеткізу, капиталды тарту, шығындарының төмендеуі, компанияның, оның директорлары мен менеджерлерінің беделін көтеру.

Корпоративтік хатшының рөлі қандай? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша осындай тренинг коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналатын елдің барлық жоғары оқу орындарының корпоративтік хатшыларына үміткерлерге берілді, бұл ішкі және сыртқы корпоративтік басқарудың, соның ішінде мүдделі тараптармен өзара әрекеттесудің тетіктерін дамытуды білдіреді.

Қабылдау комиссиясы