object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 01:25:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚМУ ректорының грантының жеңімпазы анықталды

Екі ай бұрын Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы «Менің айналамдағы әлем» атты эссе онлайн-байқауын жариялаған болатын. Сайыс екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде эссе жазу, екінші кезеңде шығармашылық онлайн тапсырмаларды орындау. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 34 жұмыс ұсынылды, оның 12-сі екінші кезеңге жіберілді.

Барлық тапсырмаларды үздік орындаған Тагил орта мектебінің оқушысы – Роман Шулекин. Жеңімпазға конкурстық комиссияның шешімімен «Журналистика» мамандығы бойынша тегін білім алу құқын беретін сертификат табысталды. Бірақ ол бұл құқықты ҰБТ емтихандарын тапсырғаннан кейін ғана пайдалана алады.

Сонымен қатар конкурстық комиссия Рудный қаласының орта мектебінің оқушысы Аяжан Шнетованың, Тобол қаласы ОМ-нің оқушысы Яна Гаркуша мен Қамысты ауданынан келген Әсет Ақылжановтың жақсы дайындығын атап өтті. Оларға жазғы уақытта ҚМУ-де өтетін шығармашылық емтихандарға қатысу ұсынылды.

Қабылдау комиссиясы