object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-08-20 20:08:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар байқауы

М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми-зерттеу орталығы мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты кеңінен насихаттау, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне назар аудару, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, оған қарсы күрестің заманауи тәсілдерін дамыту.

Сайысқа қатысу үшін материалдарды 2023 жылдың 12 ақпанына дейін info@adildik.kz электронды поштасына жіберу қажет.

Байқау шарттарымен толығырақ СІЛТЕМЕ арқылы өтіп, танысыңыздар.

Қабылдау комиссиясы