Baitursynuly University студенттері жалпыұлттық байқауға қатыса алады. Бұл туралы оларға «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері айтып берді.
«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауы жыл сайын өткізіледі. Басты мақсат – қазақ қоғамын жаңғырту жағдайында Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық бағдарламасын, рухани мұрасын ұғынып, кеңінен насихаттау.
Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жұтаев пен облыстық филиалдың жастар қанатының жетекшісі Әділхан Мұқанов студенттерге байқау талаптары туралы жан-жақты айтып берді.
Ол үш кезеңнен тұрады. Біріншісін сәтті өткеннен кейін қатысушылар елордаға келуге мүмкіндік алады. Байқаудың жүлде қоры әсерлі!
Айтпақшы, 2021 жылы ҚӨУ студенті, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің магистранты Данияр Ихсан осы байқауда 1-орынды иеленді.
ҚӨУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Нұрлыхан Темирбеков студенттерді бұл жолы да өз күштерін сынап көруге шақырды:
-Бұл еліміздің тарихына қызығушылық танытып, өз білімдерін көрсетіп, белсенді азаматтық ұстаным танытқандар үшін тамаша мүмкіндік.