object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-29 22:48:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҒАЛЫМДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановты еске алуға арналған «Қылмыстық саясаттың жаһандық трансформациясы жағдайында қылмыстық құқықты дамытудың жаңа векторын іздеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, Орал мемлекеттік заң университеті (РФ), Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалы және «Заң ғылымы мен тәжірибесін инновациялық дамыту орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Шараға Қазақстанның, Беларусь Республикасының, Ресейдің заң ғылымы саласының ғалымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Конференцияда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Мемлекет және құқық теориясы», «Қылмыстық құқық және процесс» кафедраларының оқытушылары баяндама жасады.

Конференцияға қатысушыларды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, істеріне сәттілік тіледі.

Конференцияда 30-ға жуық баяндама тыңдалды, онда басты назар цифрлық нақтылық және адамның, қоғамның, мемлекеттің гуманитарлық құқықтық тәртібі мен криминологиялық қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау жағдайындағы құқықтық реттеу мәселелеріне аударылды.

Қабылдау комиссиясы