Бүгін Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің алаңында аймақтық комплаенс қағидаттарын жетілдіру мәселелері талқыланды.
ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу бойынша сарапшылар және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының өкілдері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Baitursynuly University атынан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Эльмира НАУРЫЗБАЕВА мен комплаенс қызметінің офицері Дархан БЕЛГІБАЕВ қатысты.
Еске сала кетейік, ISO 37001 стандарты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмді енгізуге қолдау және жетілдіру бойынша кешенді талаптар мен ұсыныстарды ұсынады. Сондай-ақ, ең үздік халықаралық тәжірибелерді қамтыған менеджмент жүйесі адалдыққа, ашықтыққа және айқындыққа негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі.