object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-08-20 20:18:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-нің командасы Меңдіқара ауданында!

Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұжымы Меңдіқара ауданында болып, Введен, Михайлов, Буденный, Первомай және Степанов мектептерінің талапкерлерімен кездесті. Кездесу А.Шотаев атындағы мектеп-гимназиясының қабырғасында өтті.  

Кәсіптік бағдар беру тобының құрамында университет әкімшілігі мен қабылдау комиссиясының өкілдері, сондай-ақ белсенді студенттер болды. Олар мектеп оқушыларына университеттің білім беру бағдарламалары, оқу орнының артықшылықтары туралы айтты, ал ҚӨУ-нің студенттері тегін студенттік клубтар туралы әңгімелеп берді.

Кездесу қызықты, пікір алмасу форматында өтті. Мектеп оқушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды, сауалнамаларға жауап берді. Сондай-ақ талапкерлер назарына университет туралы бірнеше бейнероликтер ұсынылды. Айта кету керек, 11-сынып оқушыларының кейбірі біздің университетті ертеректен таңдап қойыпты, енді бірі бүгінгі кездесуден кейін қызығушылық танытты. Қостанай өңірлік университеті сапалы білім алып, білікті маман атанамын деген барлық талапкерлерді күтеді!

Қабылдау комиссиясы