Университ басшылығы Қолданбалы биотехнология ҒЗИ жанындағы клиникалық-диагностика зертханасына барып, COVID-19 диагностикасы бойынша жұмыс барысымен танысты.
Сынамалар күн сайын бүкіл облыстан түседі. Біздің ғалымдар мен зертханашылар күніне 200-ден 300-ге дейін дананы тексереді. Осы уақытқа дейін барлығы 1920 сынама тексерілді, олардың ішінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 4 жағдайы анықталды.
Осылайша, біздің зертхана өңірге елеулі көмек көрсетіп, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын жеңілдетуде.
Айта кетейік, қаулыстың негізінде біздің зертхана белгіленген тәртіппен облыс емханаларынан келген ғана үлгілерді тексереді.
Егер азаматтар өз қалауымен диагностика жасағысы келсе, мұны Қостанай қаласының №4 емханасында орналасқан мамандандырылған пунктте жасай алады. Қызмет құны 11500 мың теңгені құрайды.
Біздің ғалымдар атқаратын жұмыс өте жауапты және қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды.