object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-25 20:20:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Мағыналы КИНО

Бүгін ҚӨУ-дің педагогикалық институтында “КУРЬЕР” атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл – Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасы.

Фильмнің тақырыбы – аса өзекті әрі күрделі: есірткі тасымалдаушылар мен осы қылмыстық әрекетке байланысты жағдайлар. Бұл фильм жастар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алу, олардың ақпараттық деңгейін көтеру және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында түсірілген.

Baitursynuly University студенттері фильмді тек тамашалап қана қоймай, полиция департаментінің өкілдерімен бірге фильм жайлы ой бөлісті. Жастардың назарына: оңай жолмен келген ақша — тез арада қайғылы жағдайға, ұзақ мерзімді сотталуға және тағдырдың күйреуіне апарады. Мұндай мысалдар аз емес. Фильмде де нақты деректер мен біздің жерлестеріміздің өмірінен алынған шынайы оқиғалар баяндалады. Олар есірткі бизнесіне жеңіл жолмен тартылып, салдарын түсініп үлгермеген.

Фильм авторлары бұл туынды жастарды қателіктен сақтандырады деп үміттенеді.

Қабылдау комиссиясы