object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 04:11:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚМУ жеңімпаздар қатарында

23 мен 24 сәуір аралығында Алматы технологиялық университетінде еліміздің жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен XII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Бұл олимпиада да онлай форматта, ZOOM платформасы бойынша өткізілді.

Біздің университет атынан 2 команда қатысты:

  1. «Өңдеу өндірістерінің технологиясы», аға оқытушы Анзор Саидовтың жетекшілігімен
  2. «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», жетекшісі – аға оқытушы Карина Жанабаева.

Қатысушылар базалық және бейінді пәндер бойынша тестілеуден өтті, практикалық тапсырмаларды шешіп, рефераттар дайындады.

Командалық және жеке біріншіліктің нәтижесінде біздің студенттер жеңімпаздар қатарынан табылды!

5В072800-Өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы бойынша:

ҚР БҒМ ІІ дәрежелі дипломымен жеке біріншілікте 2 курс студенті Ульзана Базарбаева марапатталды.

АТУ II дәрежелі дипломды ҚМУ командалық есепте алды.

5В072700-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша:

ҚР БжҒМ III дәрежелі дипломымен жеке біріншілікте 3 курс студенті Айгерим Кушербаева марапатталды.

АТУ III дәрежелі дипломын командалық есеп бойынша ұтып алынды.

Олимпиадаға тамақтану технологиясы, өңдеу технологиясы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен дизайны, тоқыма материалдарының технологиясы мен дизайны сияқты өндірістік және өндірістік салалардағы бакалавриат мамандықтары бойынша мамандар даярлауға қатысатын университеттер қатысты.

Қабылдау комиссиясы