«Қарызсыз қоғам»: қаржылық тұрғыдан тұрақты қоғамға бастар жаңа қадам

Касым-Жомарт Токаев өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудағы маңызын ерекше атап өтті. Ол Үкіметке бұл бастаманы жалпыұлттық деңгейге шығарып, оның ауқымын кеңейтуді, ең алдымен білім беру ұйымдарынан бастауды тапсырды.

Осыған байланысты 2024 жылғы 15–17 шілде аралығында Астана қаласында AMANAT партиясы мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқытушыларына қаржылық сауаттылық пәнін оқыту дағдылары бойынша арнайы семинар ұйымдастырды.

Семинарда Мәжіліс Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Кошанов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек және ағарту министрі Гани Бейсембаев сөз сөйледі.

Ерлан Қошанов ұстаздардың қоғамдағы жаңа әрі прогрессивті идеялардың негізгі таратушылары болғанын атап өтті. Сондықтан олардың қаржылық сауаттылық пәнінің мазмұнын терең меңгеріп, оны жастарға тиімді түрде жеткізе алуы аса маңызды екенін жеткізді.

Қостанай облысындағы жоғары оқу орындары атынан семинарға Ахмет  Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы, магистр Гульнара Нурахметова қатысты. Оқу қорытындысы бойынша ол қаржылық сауаттылық бойынша тренер сертификатына ие болды.

Қабылдау комиссиясы