ҚӨУ өкілдері ұлы қазақ ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысты.
Кездесу Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Kitap time – 2025» Республикалық кітап фестивалі аясында өтті.
Шараға қонақ ретінде ҚӨУ пединститутының Қазақстан тарихы кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Айбек Шалғымбеков келді. Өз дәрісінде ол ұлы шығыстанушы мен этнограф Шоқанның өміріндегі беймәлім қырларын көрсетті, сондай-ақ оның әскери-диломатиялық қабілеттерін баяндады.
Залдағы көрермендер дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойып, өз әсерлерімен бөлісті.
«Педагог ретінде осы кездесуден үлкен әсер алдым. Шара тарихи мұраға құрметпен, шынайы қызығушылықпен және ұлы отандасымызға деген мақтаныш сезімімен өтті», – деп атап өтті Айбек Батырханұлы.
Біздің тарихшы студенттер де шараға белсенді қатысып, пединституттың 3-ші курс студенті Дильназ Тайкешева баяндама жасады.