Алғашқы жолдардан-ақ оқырманды қызықтыратындай етіп қалай мәтін жазуға болады? Фактілерді баяндау тізбегіне дәйекті етіп қалац қосуға болады? Және қалай сөз зергері бола аламыз?
Осы және басқалары жайында «Мектеп оқушыларына арналған медиа семинар» жобасының қатысушылары қанық болды. Оның идея берушілері мен орындаушылары — Baitursynuly Uuniversity-дің «Журналистика және коммуникация менеджменті» кафедрасының оқытушылары.
Профессор м.а. Ольга Григорьевна КУНГУРОВА мен аға оқытушы Айсұлу МҰХАНБЕТЖАНОВА «Журналистика мәтіннен басталады» атты шеберлік сабағын өткізді. Докторант Санжар МИРАСПЕКОВ шәкірттерге бейнетехникамен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретті.
Мектеп оқушыларына арналған медиасауаттылық сабақтары айына бір рет қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.