object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:33:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Өтінімдерді рәсімдеу

ҚМУ-нің SMART-орталығы «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеудің ерекшеліктері мен талаптары» тақырыбында интерактивті вебинар өткізді. Вебинардың модераторы – SMART орталығы басшысының орынбасары, іргелі және қолданбалы зерттеулер саласында айтарлықтай жетістіктері бар тәжірибелі спикер Әлия Бугубаева.

Қатысушылар екі сағат бойы қаржыландырудың максималды сомасы 70 млн. теңгені құрайтын, 27 айға дейінгі мерзімдегі ірі гранттар мен 5 млн. теңгенің көлеміндегі, 12 айлық мерзімді шағын гранттарға өтінімдер мен тендерлік құжаттамалардың сауатты орындалуын, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Ғылыми жұмыс және интернационализация жөніндегі проректор Ғалия Исмуратова, Ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі Сәбит Қоқанов, лаборатория меңгерушісі Раушан Рыщанова, SMART-орталықтың бастығы Алмабек Нұғманов, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Елена Кандалина, сонымен қатар оқу ордамыздың және басқа да ЖОО-ның ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

Семинар және одан кейінгі консультация циклы – бұл өтініш беруден басталатын ғылыми зерттеулерді жүргізуге ЖОО-ның ғылыми инфрақұрылымына берілген нақты көмек.

Қабылдау комиссиясы