object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 09:41:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Инклюзия: кез келген жағдайдан шығудың жолын табу

Baitursynuly University 90 оқытушысы Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінде (Ресей, Челябі қ.) инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 «Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылармен мұғалім жұмысының технологиялары» курстары А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ инклюзивті білім беру және инновациялық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Курстар бағдарламасы жан-жақты болды. Дәрістер мен практикалық сабақтарды ООрМУ инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Дарья Романенкова жүргізді.  

 Ұстаздарға сабақта туындауы мүмкін нақты проблемалық жағдайлардан шығудың жолын табу керек болды. Соңында тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен  әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жобаларын қорғады. 

ҚӨУ оқытушылары лектордың жоғары кәсіби шеберлігін және университетте кәсіби  материалдың қолжетімділігін атап өтті.

Қабылдау комиссиясы