Қазақстанның солтүстік аймақтары үшін Инклюзивтік Ресурстық Орталықтың қызметін ұйымдастырудың келесі кезеңі басталды. Қашықтықтан оқыту және қосымша білім беру институты инклюзия бойынша оқытушыларды дайындау курсын бастады. Курс бағдарламасы ұстаздарға әр түрлі мүмкіндіктері бар балаларды оқу үдерісіне толық қосу мақсатында өзара әрекеттестігін ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған. Оқу материалдары арнайы дефектологиялық немесе психологиялық білімі жоқ педагогтардың меңгеруі үшін қолжетімді. Бірінші кезеңдегі негізгі мақсат: инклюзия саласында 100 оқытушының кәсіби құзіреттілігін дамыту. Курсқа ниет білдірген кез-келген адам жазыла алады.