object(DateTime)#1044 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-30 05:15:08.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Және бұл – ТЕК БАСТАМАСЫ...

Бүгін Baitursynuly University-дің Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында жаңа, бірегей медиастудия ашылды.

Енді ҚӨУ студенттері мен оқытушыларына оқу мен шығармашылық саласында мүмкіндіктер бұрынғыдан да молая түсті:

Бұл студияда сабақтар мен курстарды кәсіби деңгейде, монтажсыз жазуға, лекциялар, семинарлар, вебинарлар мен конференциялар өткізуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, студия қашықтықтан оқытуды жеңілдетіп, әртүрлі білім ресурстарын бір арнаға тоғыстырады.

«Студияның басты мақсаты – студенттерге арналған инновациялық білім алаңын құру және педагогтар үшін жұмыс процесін жеңілдету», – деп атап өтті Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев.

Айта кету керек, бұл – университетіміздегі екінші интерактивті медиастудия. ҚӨУ-дің 3D-модель үлгісін жасау жұмыстары да қолға алынды. Ал бұл – тек бастамасы ғана, алда әлі талай қызықты жобалар мен жаңалықтар күтіп тұр! 🚀

Қабылдау комиссиясы