object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 03:03:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Huawei таланттарды іздейді!

Бүгін Baitursynuly University басталушы айтишниктер үшін бірегей мүмкіндік туралы айтылды.

ҚӨУ бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы студенттер үшін Huawei компаниясының өкілдерімен кездесуді ұйымдастырды.

Студенттерді Huawei компаниясының компьютерлік технологиялар саласындағы жас дарындарды қолдауға бағытталған ауқымды ICT Roadshow 2024 жобасына қатысуға шақырды. Ол қыркүйекте еліміздің 40 университетінде басталды.

Кездесуде Huawei өкілдері студенттер мен мұғалімдерді компания ұсынатын озық цифрлық шешімдер мен инновациялармен таныстырды.  Сондай-ақ корпорацияның it-технологиялар саласындағы білікті мамандардың алдында ашатын перспективалары туралы айтып берді.

Айта кетейік, HuaweiKazakhstan мен Baitursynuly University арасында меморандумға қол қойылды, ал университет базасында Huawei ICT Academy ашылды.

Қабылдау комиссиясы