object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 16:21:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Baitursynov university түлегі Amazonда

2023 жылдың түлегі - Қуаныш Аймұрзинов. Университетті «Ақпараттық технологиялар және робототехника» мамандығы бойынша бітірген жігіт арнайы үлгідегі дипломмен ғана емес, сонымен қатар АҚШ-тың электронды коммерция, бұлтты есептеу және жасанды интеллект саласындағы жетекші компаниясының ұсыныс хатымен де мақтана алады.

Осы жылдың басында Baitursynov University алты студентінің қатарында Қуаныш Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасында қол қойылған меморандум шеңберінде іске асырылған «OpenSearch Amazon» жобасына қатысып, іріктеуден өтті.

Шарттың негізгі идеясы-жоғары білім беру саласындағы перспективалық ынтымақтастық және студенттердің оқу процесінде инновацияларды енгізу және мансабын бастау үшін қажетті дағдыларды игеру мүмкіндіктерін кеңейту.

Айта кетейік, қазақстандық студенттер әлемде бірінші болып Amazon корпорациясының үлкен халықаралық жобасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Сонымен, үш ай бойы сарапшылардың жетекшілігімен Қуаныш қателерді түзету, өңдеу, сондай-ақ жаңа бағдарламалық кодтар жасау сынды үлкен жұмыстарды жасады.

Жобаға қатысу қорытындысы бойынша Қуаныш Baitursynov university студенттері арасында кәсіби дағдылары жоғары бағаланғандардың алғашқысы және «Amazon» компаниясының ұсыныс хатымен белгіленді. Тағы үш жігіт өз хаттарын күтуде.

Алынған құжат жұмысқа орналасу кезінде, сондай-ақ одан әрі оқу үшін шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезінде түлектердің портфолиосына жақсы қосымша болады.

Сондай-ақ, жетекші әлемдік корпорацияның тәлімгерлерінің ұсыныстары мен пікірлері қатысушыларға тағылымдамадан өтуге және тіпті Amazon компаниясына жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

 

Қабылдау комиссиясы