object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 16:24:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ақ жол, түлектер!

Міне, Baitursynov university түлектері үшін көптен күткен іс - шара-диплом табыстау рәсімі аяқталуға жақын.

Биылғы жылы біздің университеттің қабырғасынан 1939 жаңа маман ұшқалы отыр, олардың 406-і ерекше үлгідегі диплом иегерлері болып табылады.

Университетте оқыған жылдары біздің студенттер республикалық және халықаралық ғылыми, спорттық олимпиадаларда, шығармашылық конкурстарда және түрлі жобаларда жүлделі орындарға ие бола отырып, бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін бірнеше рет дәлелдеді.

Айта кету керек, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ түлектері әрқашан еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар болған және болып қала береді. Біздің өңірде it, ауыл шаруашылығы, ветеринарлық және педагогикалық бағыттардың түлектері ерекше сұранысқа ие. Жыл сайын жұмысқа орналасу пайызы 80% - дан асады. Биылғы жылы да көрсеткіштер бізді қуантатынына сенімдіміз.

Құрметті түлектер, сіздерді университетті бітірген күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Baitursynov university дипломы сіз үшін табысты мансап құруда ғана емес, басқа да салаларда сенімді тірек болсын.

Сіз мұнымен тоқтап қалмай, білім мен құзыреттілік деңгейіңізді арттыра отырып, оқуды жалғастырасыз деп үміттенеміз.

Әрқайсыңызға бізбен жүріп өткен жолыңыз бен берілген эмоцияларыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Біз сіздермен мақтанамыз! Сіздің Baitursynov university.

Қабылдау комиссиясы