object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 05:38:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Кемел қаламгер» республикалық шығармашылық байқауы

Қазақ детектив жанрының негізін қалаушы, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Кемел қаламгер» республикалық шығармашылық байқауы жарияланады.

Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:

1) «Детектив» жанрындағы әдеби шығарма / эссе;

2) құқықтық тақырыптағы аналитикалық-публицистикалық мақала/ зерттеу.

Әр номинацияда үш жас санаты бар:

1) Балалар шығармашылығы (мектеп оқушылары арасында),

2) Жастар шығармашылығы (студенттер, магистранттар және докторанттар арасында):

3) Жазушылардың шығармашылығы:

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің конкурстық жұмыстары «Кемел қаламгер байқауы» конкурсының материалдар жинағында жарияланатын болады.

Конкурсқа қатысушыларға және олардың жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар:

- Бұрын жарияланған туындылар/мақалалар конкурсқа қабылданбайды;

- Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады;

- Конкурстық жұмыстар А-4 форматындағы парақтарда, Times New Roman шрифтінде, 14 өлшемде, 1,0 интервалда терілуі тиіс. Бірінші беттің оң жағында тек автордың бүркеншік аты жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік аты мен номинациясы көрсетілуі керек. Мысалы: qalamger_proza, qalamger_maqala;

- Туындымен бірге конкурсқа қатысушы өзі туралы ақпаратты жеке жіберуі тиіс (1 беттен артық емес: аты-жөні, тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электрондық пошта, мекенжайы, фотосуреті, өзі туралы қысқаша ақпарат). Файл атауында автордың бүркеншік аты, аты-жөні көрсетілуі керек.

Сондай-ақ, жеке фотосуретті тіркеу қажет (жеке файлмен жіберу).

Барлық жұмыстар kemel.qalamger@gmail.com.электрондық поштасына жіберілуі керек.

Конкурстық жұмыстарды қабылдау 2023 жылғы 22 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Конкурстың ережесімен сілтеме бойынша өтіп университеттің телеграм-арнасында толық танысуға болады.

Конкурстың ережесі

 

Қабылдау комиссиясы