object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 14:26:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Түркі әлемі математиктерінің конгресі

2023 жылғы 20-23 қыркүйектен бастап Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ, Түркістан қ.) базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) бастамасымен Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресі (TWMS Congress-2023) өтті.

Аталмыш конгресте машина жасау, Электр энергетикасы және ақпараттық технологиялар факультетінің Математика және физика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Роза Ермағұл қатысты. Роза Сапабекқызы мен «Математика» білім беру бағдарламасының магистранты Балжан Жұмартова «эпидемиологиядағы дифференциалдық теңдеулер жүйесін қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Бұл баяндама оның тақырыбының өзектілігі мен қазіргі әлем үшін практикалық маңыздылығы негізінде таңдалды.

Мәдени алмасу аясында конференцияға қатысушылар үшін Түркістанның ортағасырлық сақталған ескерткіштері (ежелгі уақытта Ұлы Тұран — жауынгер түріктердің бесігі), мұражайлары бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға сертификаттар, естелік сыйлықтар мен төсбелгілер табысталды.

Қабылдау комиссиясы