object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 12:27:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Университеттің студенттер үйі білім алушыларды қоныстандыруға дайын

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің 2023-2024 жаңа оқу жылында жатақханаларды дайындау жөніндегі тапсырмасына сәйкес А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жатақханалары жаңа оқу маусымына дайын.

Бүгін жатақханалардың жай-күйі мен қызмет көрсету деңгейін бағалау үшін университет басшылығы, жергілікті депутат және "Жастар Рухы" жастар қанатының өкілдері студенттердің 3 үйіне барды.

Студенттердің жайлы өмір сүрулері үшін жатақханада бар жағдай жасалған. Ыңғайлы бөлмелер, жаңа төсек-орын, жиһаздар, кір жуатын машиналар мен мұздатқыштар жаңартылған және интернет тәулік бойы қол жетімді екенін атап өту қажет. Студенттер университеттің барлық ақпараттық ресурстарына қол жеткізе алады.

Қазіргі таңда білім алып жатқан студенттерге ыңғайлы болу үшін, жатақханаға орналасуға өтінімдер білім алушыларға қызмет көрсету орталығы және Platonus жүйесі арқылы онлайн рәсімделеді.

Қабылдау комиссиясы