Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасы, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен докторанттары халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда қорғау және жариялау рәсімі бойынша қолданыстағы заңнамадағы негізгі өзгерістерді түсіндіру бойынша білім және ғылым министрлігінің онлайн-вебинарына қатысты. Модератор - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының басшысы Қарлығаш Сәкенова. Қатысушылар құрамы 50-ден астам докторанттар мен Солтүстік Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы.
Сондай-ақ докторанттарға тікелей диалог форматында сұрақтар қою және жауаптар алу мүмкіндігі берілді.