object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 21:30:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Халықаралық ынтымақтастық аясында

Пенза мемлекеттік университеті Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетімен бірге А.Байтұрсынов Қостанай өңірлік университетінің студенттерін университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі ауқымды зерттеулерге қатысуға шақырды.

Бұл зерттеу пандемия жағдайындағы жастардың психикалық денсаулығын зерттеу үшін маңызды. Ол ресейлік және қазақстандық студенттер арасында коронавируспен (COVID-19) байланысты қорқыныш пен стресстер туралы мәліметтер жинау үшін өткізіліп жатыр.

COVID-19 біздің денсаулығымызға, әл-ауқатымызға және эмоционалдық жағдайымызға әсер етеді, оның ішінде коронавирус пандемиясынан туындаған қорқыныш пен стрессті азайту құралы ретінде әр түрлі психоактивті заттарды қолдану мүмкіндігі бар. Сауалнамаға қатысу үшін сізге 15-20 минуттан аспайтын онлайн-анкетаны толтыру қажет. Ұсынылған сұрақтарға жауаптар пандемия жағдайында студент жастармен не болып жатқанын жақсы түсіну үшін пайдалы ақпарат береді және осы қиын уақытта көмек пен қолдау көрсететін бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті Ресейдің жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетімен 3 жыл және Пенза мемлекеттік университетімен бір жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істейді. Осы университеттермен жасалған келісімдер біздің студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.   

 

 

Қабылдау комиссиясы