object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 02:31:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Халықаралық жас ғалымдардың форумына біздің оқытушылар да қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2020 жылдың 26-30 қазанында «Назарбаев моделі» — ХХІ ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап» атты жас ғалымдардың халықаралық форумын өткізді.

Онлайн форматта өткен жас ғалымдардың халықаралық форумы отандық және шетелдік сарапшылардың Назарбаев моделі деп аталатын қазақстандық даму моделін ұғынуға бағытталған.

«Назарбаев моделі» халықаралық жас ғалымдар форумы – ХХІ ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап» Елбасының егемен Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесін түсіндіріп қана қоймай, сондай-ақ Қазақстан көшбасшысының көпқырлы бейнесі мен қоғамдық-саяси қызметін одан әрі талдау бойынша да ауқымды ғылыми алаңға айналды. Алаңдардың апталық жұмыс форматы бағдарламаның ресми және пікірталас бөлігін ғана емес, сонымен қатар мотивациялық-оқыту бағытын да қамтыды. Форум спикерлері қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін білім беру вебинарларын, ашық дәрістер мен қолданбалы сипаттағы воркшоптар өткізді. Форумға қашық форматта 15 елдің ғалымдары қатысты.

Форум аясында пандемия кезіндегі заманауи зерттеулердің ең өзекті бағыттары талқыланды, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жолдары белгіленді.

Форумға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жас ғалымдар кеңесінің мүшесі ретінде философия кафедрасының доценті Денис Качеев және сол кафедраның аға оқытушысы Әзиз Төребаев қатысты.

Денис Качеев «Еуразияшылдықтағы «идеократия» тұжырымдамасы» тақырыбында баяндама оқыды.

Әзиз Төребаевтың баяндамасының тақырыбы – «Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасының рөлі және оның посткеңестік кеңістіктегі интеграция идеялары».

Қабылдау комиссиясы