А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубы 9 желтоқсан, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Республикалық дебат турнирін өткізді. Ойынға Қазақстанның 6 қаласынан 24 команда қатысты.
Турнир жеңімпазы – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Kongress» фракциясы, Жаннұр Ескермес пен Ералы Ғаниұлы («ҚАРМУ» ПК).
2-орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Квартира 23» фракциясының мүшелері Аруна Айтбаева мен Дидар Өміров иеленді («Жеті Жарғы» ПК).
3-орын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Алаштың аш қасқырлары» фракциясының мүшелері Нұртілек Жолаев және Мейрамгүл Сарсенғалиеваға тиесілі («Алаш Орда» ПК).
«Үздік спикер» – «Жеті Жарғы» ПК-ның пікірсайысшысы Аруна Айтбаева.
«Үздік төреші» – «Ахмет Ұрпақтары» ПК-ның мүшесі Рамзат Қасқырбаев.
Ұйымдастырушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне берілген бас жүлде, кубок үшін алғыс білдіреді! Турнир осымен екінші рет өткізіліп отыр.