Жуырда Zoom платформасында «Журналистика» мамандығының 1-4 курс қазақ топтар студенттерінің қатысуымен «Хабардар болу күні»-не арналған «Біз теңбіз, біз әртүрліміз, біз біргеміз» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына студенттердің және оқытушылардың назарын аудару, мүгедектік мәселелерін түсінуді дамыту, қадір-қасиетін, құқықтарын қолдауға жұмылдыру және мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту. Кездесу барысында куратор А.Шөрентаев «Хабардар болу күні» тарихы мен маңыздылығы жайында, университетіміздегі инклюзивті білім беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Сонымен қатар студенттерге жақында «Психология және инклюзивті білім орталығында» ымдау тілін үйренгісі келетіндердің барлығына арналған топтар құрылатындығын жеткізді. Іс-шара барысында денсаулығының шектеулі екендігіне қарамастан, жетістікке жеткен түлектеріміз туралы түсірілген «Табысқа жету жолы» бейнематериалы көрсетіліп, талқыланды.