Олардың жеңімпаздары ҰБТ нәтижелері бойынша ректордан грант алу құқығына сертификат алды.
«21 ғасыр заңгері» олимпиадасының қорытындысы шығарылды, оған Қостанай облысы мектептерінің 30 түлегі қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылар эссе дайындады. Тақырыптары: «Конституция - негізгі заң», «Тыңдайтын мемлекеттің тұжырымдамасы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Болашақ заңгер қандай болады», « Жасөспірімдер қылмысы». Жақсы деп танылған 6 эссе авторлары келесі кезеңге жолдама алды. Олармен қазылар алқасы онлайн-әңгімелесу өткізді, онда болашақ заңгерлер үшін маңызды мазмұндау логикасы, шешендік шеберлік, ой-өрісі, шешім таба білу сияқты сапалар әңгіме өзегіне айналды.
Нәтижесінде орындар төмендегідей бөлінді:
Қостанай қаласының М.Қозыбаев атындағы №23 орта мектебінің оқушысы Дарья Васина 1 орынды және ректордың грантын иеленді.
2 орынға Ұзынкөл ауданының №2 мектебінің оқушысы Ержан Саимов лайық деп танылды.
3 орын Тобыл қаласының Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Раушан Әбиболлаға бұйырды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа оқу жылында ҚМУ-де күтеміз!